Түркия-Франция Әдебиет сыйлығы берілді

Франция-Түркия әдебиет сыйлығы «Lettres du Bosphore» атты кітапқа берілді.

852894
Түркия-Франция Әдебиет сыйлығы берілді

Франция мен Түркия арасында мәдени байланыс қалыптастыруды нысанаға алған «Comite France-Turquie» қоғамдық ұйымы жыл сайын ұйымдастыратын Франция-Түркия әдебиет сыйлығы «Lettres du Bosphore» атты кітапқа берілді.

Кітаптың жазушысы Sebastien de Courtois 2018 жылдан бастап Түркияда Француз Мәдениет қоғамын да басқарады.

Қоғамдық ұйымның марапат кешіне Франция мен Түркия арасында көпір болған өнер қайраткерлері, жазушылар,  іскерлер мен зерттеушілер қатысты.

Марапат кешінің беташарын жасаған «Comite France-Turquie» қоғамдық ұйымының басшысы Марк Бернардин дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін осы кештің екі ел арасында маңызды мәдени көпір болғанын айтты.

Сыйлыққа лайықты деп табылған жазушы De Courtois те «Түркияға алғашқы қадамымды басқаннан бері терең тәуелділік сезінемін. Мені әлемге Түркия ашты» деді.



Ұқсас жаңалықтар