Болливудтың атақты актері Джон Абрахам Анталияға ғашық екенін айтты

Джон Абрахам Анталия қаласы әкімі Мүнир Каралоғлумен кездесті.

842547
Болливудтың атақты актері Джон Абрахам Анталияға ғашық екенін айтты

Сапары барысында өзінің футбол клубының Анталияда жаттығып жатқанына байланысты келгенін айтқан актер бұдан бұрын да фильмге түсу мақсатында Анталияға келгенін білдірді.

Болливудтың Түркияға деген қызығушылығына назар аударған Абрахам: «Өткен жылы Анталияда бір ай бойы фильм түсірдім. Анталияға ғашық болдым. Анталияның Үндістандағы таныстыру бейнесі болғым келеді. Спорт және мәдениет саласында Анталияның өкілі болғым келеді. Үндістанды да осында таныстырамын» деді.

Анталия қаласы әкімі Мүнир Каралоғлу да спортта әрі өнерде екі ел арасындағы қатынастарға қосқан үлесі үшін Джон Абрахамға алғыс айтты. Каралоғлу Түркия мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастардың барлық салада арта түсуін қалайтындарын да білдірді.



Ұқсас жаңалықтар