Таэквандодан жастар Еуропа чемпионатында Түркия екінші орын алды

Таэквандодан Жастар Еуропа чемпионатында 3 алтын барлығы 6 медальге қол жеткізген Түркия командасы екінші орын алды.

841596
Таэквандодан жастар Еуропа чемпионатында Түркия екінші орын алды

Таэквондо Федерациясы жасаған мәлімдемеге қарағанда Түркия, Кипр Понти Әкімшілігінің Ларнака қаласында ұйымдастырылған және 37 елден 502 спортшы қатысқан Таэквандодан Жастар Еуропа чемпионатында 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль алды.

Еркектер 59 килограмм салмақта Мертджан Долмаджы және 78 килограмм салмақтағы Эмре Куталмыш Атешли мен әйелдер 42 килограмм салмақтағы Эмине Гөғебакан Еуропа чемпиондығына қол жеткізді.

Әйелдер 59 килограмм салмақтағы Икра Кайыр күміс медаль, еркектер 48 килограмм салмақтағы Гөркем Полат және әйелдер 44 килограмм салмақтағы Эданур Коч болса қола медаль алды.

Түркия жалпы тізімде Ресейдің артынан жинаған медальдерімен Еуропада екінші орынды иеледі.



Ұқсас жаңалықтар