"ТРТ-нің 6-шы балалар медиа конференциясы"

Түркия Радио Теледидар мекемесі (TRT) «Халықаралық 6-шы Бала медиасы конференциясы» Стамбұлда жалғасуда.

839392
"ТРТ-нің 6-шы балалар медиа конференциясы"

Конференцияның салтанатты ашылу рәсімін Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрі Фатма Бетүл Саян Кая  және ТРТ Бас директоры Ибрахим Эрен жасады.

Фатма Бетүл Саян Кая баяндамасында экрандардың балаларға ықпалына назар аударып, «Балаларымыздың ақпарат және байланыс құралдарына қол жеткізуі күн өткен сайын жеңілдеуде. Қазір өкінішке орай балаларымыздың ең жақсы достары экрандар. Ортаға шыққан қауіптерді жою тақырыбында баршамыздың үлкен жауапкершілігі бар. TRT Бала арнасы үлгі боларлық жұмыстарымен мақтауға ие» деді.

Конференцияның ұйымдастырған мекеме ретінде ТРТ Бас директоры Ибрахим Эрен болса «Бала мен медиа мәселелерімен танысуымыз керек» деді.

Ұлттық және жаһандық көлемде балалардың жетілуі және экран тақырыбында маңызды мәселелер бар екенін атап айтқан Эрен «Бала мен медиа мәселелерін кейінге қалдырып, жоқ деп есептеу бала мен ересектерге тек қана медианың материалы деп қарау мәселені шешпейді» деді.

Эрен «Балаларымызды болашаққа дайындау мәселесі тақырыбында жауапкершілік тек қана ата-аналардың емес, бала медиасымен шұғылданған және балаларымыздың қиял әлеміне кіруге әрекет жасаған біздей медиа мамандарының жауапкершілігі» деді.

БҰҰ Жоғары комиссарлығы (UNHCR) Түркия Сыртқы қатынастар және байланыс директоры Селин Үнал мақсаттарының босқындардың үні болу екенін атап, «Біз оларға сандық және оқиғалық тұрғыдан қарайтын болсақ, шындыққа жете алмаспыз» деді.

TRT тарапынан Стамбұлда ұйымдастырылған конференция аясында «Босқын және балалар үшін медиа мазмұны үлгілері» тақырыпты отырыс болып өтті.

Үнал отырыста «Босқын балаларды медиада қорғау және қажеттілік негізінде өкілдік жасау» тақырыпты ұсынған баяндамасында конференцияның балаларға арналған арнайы көрініс екенін атап айтты.

БҰҰ-ның босқындармен байланысты көрсеткіштеріне назар аударған Үнал әлемде қазірге дейін бұрын соңды болмағандай адам көшінің жүзеге асқанын тілге тиек етті.

Мектептер және университеттермен жұмыстанғылары келгенін түсіндірген Үнал әсіресе студенттерді БҰҰ Жоғары комиссарлығы жұмыстарына қатысуға шақырды.

Бала әдебиеті жазушысы Stephane Barroux болса көшті тақырып қылған соңғы кітабын «Қош келдіңдер» деп басталғанын тілге тиек етіп, «Көшпен байланысты кітаптар жазуымды сұраған кезде алғашқысында балалар атынан сөйлеудің қиын екенін ойладым. Кейін көш туралы қалай хикая жаза аламын деп ойландым. Кітап үш аю туралы. Бұлар Антарктидағы бір мұздықтың үстінде өмір сүреді. Кейін мұз жарылып, басқа бір аралға дейін барады. Кітаптың соңы жақсы аяқталады. Бұл кітап 10 елдің тіліне аударылды» деді.

Жергілікті және шетелдік көптеген ғалым мен азаматтық қоғам өкілдері қатысқан «Халықаралық балалар медиа конференциясы» бүгін аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар