Президенттік сарайда "29 қазан" көрмесі ашылды

Президенттік сарайда «Өткеннен бүгінге 29 қазан» тақырыпты көрме ашылды.

836828
Президенттік сарайда "29 қазан" көрмесі ашылды
sergi.jpg

Президенттік сарайда 29 қазан Республика күніне орай «Өткеннен бүгінге 29 қазан» және «Ұлттың билігінің белгісі Ай мен жұлдызды жалауымыз» тақырыпты көрме ашылды.

Республика мерекесіне орай ашылған көрмеде тарихи бір кезеңнің 3D жандандырылуы болған диаграммалар, тарихи фотосуреттер, картиналар және ай жұлдызды байрақ қолданылған әртүрлі құжат пен материалдар көрмеге салынды.

Көрмеде Кануни Сұлтан Сүлейманның қылышы, Йылдырым Баязыттың сауыты, Сұлтан Абдулхамиттің ІІ-нің қылышы мен мылтығы, Сұлтан Абдулмеджиттің ханзадалық қылышы, Сұлтан Махмут ІІ-нің 7 тұмсықты мылтығы мен Селшұқ империясы кезеңіне тиесілі қылыштар орын алады.

Көрмеде сондай-ақ Стамбұл жеңісі (1453), Кануни Сұлтан Сүлейманның киіз үйі, Османлы мен Дженевиздікдер арасында 1654 жылғы шыққан Дарданель бұғазы соғысы, Триполи және Балкан соғыстары, тұңғыш қара нәсілді соғыс ұшағы ұшқышы Араб Ахмет, ұлтазаттық соғыс пен 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті кезінде Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің бомбалануы жайлы диаграммалар бар.



Ұқсас жаңалықтар