"Троя" деректі фильмі түсірілді

2018 жыл Троя жылы деп жарияланды.

825655
"Троя" деректі фильмі түсірілді

Мәдениет және туризм министрлігі 2018 жылды «Троя жылы» деп жариялағаннан кейін тарихы біздің дәуірімізден бұрынғы үш мыңыншы жылдарға дейін баратын Троя ежелгі қаласын таныстыру фильмі түсірілді.

«Троя» атты 30 минуттық деректі фильмді министрліктің рұқсатымен режиссер Өзгүр Өзгүлгүн 15 күнде аяқтады.

15 адамдық топ Чанаккаледе өңірді түрлі жағынан,  әуеден,  құрлықтан түсірді. Деректі фильмде теңізден түсірілген көріністер де орын алған.

Өзгүлгүл: «Чанаккале аймағы әсіресе археологиялық мағынада таптырмас жер.  Тек Троя емес,  аймақта көптеген ежелгі қала бар.  Біз фильм үшін осы 60-70 қаланың тек атақтыларына ғана орын бердік.  Осы арқылы аймақтың таныстырылуына үлес қосуды жоспарладық» деді.

«Бұл жер әлемде де танымал.  Гомердің Илиада мен Одиссей дастарымен атағы шыққан» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар