Түрік футболшылар - Еуропа чемпионы

Түркияның Ұлттық ампутанттар футбол құрамасы Еуропа чемпионы атанды.

823676
Түрік футболшылар - Еуропа чемпионы

Түркияның Ұлттық ампутанттар футбол құрамасы Еуропа чемпионы атанды.

Түркияда өткен Еуропа ампутанттар футбол федерациясының Еуропа чемпионатының ақтық сайысында Ұлыбритания құрамасын 2-1 есебімен жеңген Түркия чемпион атанды.

Матч біткеннен кейін түрік футболшылар көздерінің жасын тыя алмады.  Түрік байрақтарымен бірге команда күйінде жанкүйерлерге сәлем берген футболшылар қуаныштарын бүкіл Түркиямен бөлісті.

Ұлттық құраманың медальдері мен кубогын ТР Жастар және спорт министрі Осман Ашкын Бак табыс етті.

Президент Режеп Тайып Ердоған да ұлттық құраманы құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар