Каратеде жеңіс

Зальцбург қаласындағы сайыстарда түрік спортшылар алты медаль алды.

823273
Каратеде жеңіс

Австрияда өткен Карате 1А сериясы үшінші этап сайыстарында Түркия бір алтын,  екі күміс және үш қола медаль алды.

Зальцбург қаласындағы сайыстарда түрік спортшылар алты медаль алды.

Турнирде әйелдер 50 келіде Серап Өзчелик алтын медаль алды.

+68 келіде Еда Елтемур екінші орын алып,  Дилара Бозан, Рабиа Күсмүш және Гизем Шахин Софуоғлудан тұратын әйелдер ката командасы күміс медаль алды.

Сайыста Түркия атынан шыққан басқа түрік каратешілерден +68 келіде Мелтем Ходжаоғлу, ерлер 60 келіде Ерай Шамдан мен 84 келіде Емре Джевахир болса Түркияға қола медаль сыйлады.



Ұқсас жаңалықтар