БҰҰ Сирияға гуманитарлық жәрдем жіберді
БҰҰ тарапынан қамтамасыз етілген гуманитарлық жәрдем Түркия шекараларынан Сирияға өтті.
785222
БҰҰ тарапынан қамтамасыз етілген гуманитарлық жәрдемді Сирияның Идлиб қаласына жеткізетін 20 жүк көлігі Хатайдың Рейханлы ауданындағы Джилвеөзү шекара қақпасынан өтті.
Идлибке қарай бағыт алған жүк көліктеріндегі күнделікті тіршілік материалдарының Идлиб пен айналасындағы ауылдарға апарылғаны білдірілді.