1800 жылдық қалам табылды

Осындай қаламдарды ежелгі дәуірде сауатты адамдар мен оқушылар қолданған.

783854
1800 жылдық қалам табылды

Чанаккаленің Айважык ауданына қарасты Бехрамкале ауылы территориясындағы Ассос ежелгі қаласында шамамен 1800 жылдық қола қалам табылды.

Ежелгі дәуірдің ең маңызды портты қалаларының бірі болған Ассос қаласы Рим дәуірінен қалған ежелгі театр,  агора,  некропол және қорғандарымен маңызды мәдени мұраға ие.

Чанаккале 18 наурыз Университеті оқытушысы және Ассос ежелгі қаласының қазба жұмыстары басшысы Проф. Нуреттин Арслан 2017 жылғы қазбалардың қаланың батыс қақпасы төңірегінде шоғырланғанын айтты.

Арслан қазірге дейін жүзеге асырылған қазбаларда маңызды экспонаттар табылғанын атап көрсетіп: «Биылғы қазбада археологияда «stylus» деп аталатын 1800 жылдық қола қалам табылды. Бұларды сол кезде балауыздан жасалған таблеткаларға жазып, есеп жүргізу үшін қолданған. Бір ұшы үшкір. Бір ұшы жалпақ. Жалпақтау жағын өшіргіш ретінде қолданған.

Осындай қаламдарды ежелгі дәуірде сауатты адамдар мен оқушылар қолданған.



Ұқсас жаңалықтар