Әлем көлемінде екінші орын алды

Түрік қызы пианино байқауынан жеңіспен оралды.

781667
Әлем көлемінде екінші орын алды

12 жасар Нехир Өззенгин Италияда өткен Халықаралық Ischia пианино байқауында екінші орын алды.

7-ші сынып оқушысы Өззенгин бес жыл бұрын стипендиямен университеттің Музыка академиясына оқуға түскен еді.

Бұдан бұрын Халықаралық Моцарт байқауында екінші және үшінші,  Бельгияда өткен Халықаралық Цезарь Франк байқауында екінші орын алған түрік қызы енді 26 елден 80 музыкант қатысқан байқауда әлем екіншісі атанды.

Өззенгин күн сайын кемінде екі сағат пианино тартатынын айтты.

«Болашақта бүкіл әлемді аралап,  концерт беруді армандаймын» деді ол.

Музыкаға қабілеті 4 жасар кезінде байқалған Нехир гитара мен барабанда да ойнай алады. Сонымен бірге ол баскетбол және тенниспен де айналысады.



Ұқсас жаңалықтар