Қорғаныс өнеркәсібі 2015 жылымен салыстырғанда 21,6 пайыз өсті

Түркия қорғаныс өнеркәсібі саласы 2016 жылы 12 миллиард долларлық тапсырыс алды.

752539
Қорғаныс өнеркәсібі 2015 жылымен салыстырғанда 21,6 пайыз өсті

Қорғаныс өнеркәсібінің өткен жылғы табысы 2015 жылына қарағанда шамамен 21,6 пайыз өсіп, 5 миллиард 968 миллион долларға ұласты.

Сала 2016 жылы шамамен 12 миллиард долларлық тапсырыс алды.

Салалық мүмкіншіліктерге қарағанда алған тапсырыстар өнім мен технология жетілдіру шығындары және жұмыс күшіне маңызды үлес қосуда.

Ең көп тапсырыс берілген салалардың басында технологиялық сегмент, құрлық платформалары мен жүйелері және әскери әуе қорғаныс платформалары келеді.

Құрлық платформалары мен жүйесін де 5 миллиард 920 миллион доллар, әскери әуе платформаларында 3 миллиард 391 миллион доллар, қару мен оқ-дәрі және зымыранда 1 миллиард 80 миллион доллар көлемінде тапсырыс берілді.

Жаңа тапсырыстардың 10 миллиард 611 миллион долларлық бөлігі ел көлемінен келді.



Ұқсас жаңалықтар