Түркия туризм жаннаты

Ағылшын журналист Эмма Томсон мақаласында «Түркияға саяхатқа барыңдар» деген үндеу тастады.

747771
Түркия туризм жаннаты

Ағылшын İndepent газетінің журналисті Эмма Томсон мақаласында «Түркияға саяхатқа барыңдар» деген үндеу тастады.

Түркияның саяхат орындарын таныстырған Томсон мақаласында Фетхие маңында орын алған Ликия жолы, тарихи Каракөй, Пынара ежелгі қала және табиғи сұлулықтарды жазды. Әсіресе Ликия жолын қатты мақтады. Ликия жолы Фетхиеден басталып, Анталияға дейін созылатын, тарихта Ликия деп аталған Теке түбегінен өтеді.  Ұзындығы 535 км.  Әсіресе треккинг спортын ұнататындардың таңдаулысы болған осы жолда теңіз бен жасылдың сұлулығымен қоса ежелгі қалалардың қалдықтарын да көруге болады.

Фетхие қонақүйлер одағы төрағасы Булент Уйсал Түркияда өткен жылы террор оқиғалары және төңкеріс әрекеті салдарынан туризмнің қатты ықпал көргенін, сондай-ақ қиын бір жылдан кейін жаңа маусымға үмітпен қарағандарын айтты.

Булент Уйсал Фетхиенің 55 мың жататын төсек орнымен жылдық орташа есеппен 1 миллион 250 мың туристті күтіп алғанын айтты.

 

 


Этикеттер: #саяхат , #Түркия , #туризм

Ұқсас жаңалықтар