Анкарада «Қасиетті аманаттар мен кітап көрмесі» ашылды

Көрмеде үлкендігімен Гиннес рекордтар кітабына енген Құран да орын алады.

742981
Анкарада «Қасиетті аманаттар мен кітап көрмесі» ашылды
başkentte kutsal emanetler sergisi ve kitap fuarı.jpg
başkentte kutsal emanetler sergisi ve kitap fuarı.jpg
başkentte kutsal emanetler sergisi ve kitap fuarı.jpg

Анкара муниципалитеті тарапынан Рамазан айға арналған іс-шаралар аясында Алтынпаркта «Қасиетті аманаттар мен кітап көрмесі» ашылды.

Муниципалитет жасаған мәлімдемеге қарағанда іс-шарада сөйлеген Анкара муниципалитет басшысы Мелих Гөкчек көрмеде өте маңызды жәдігерлер бар екенін атап көрсетті.

Гөкчек «Әсіресе жылдар бойы Қағбаның айналасын жабу үшін тоқыған материалдар бар. Пайғамбарымыздың (с.ғ.) кезінде мазарын жабылған мата мен материалдар да осында келушілерге ұсынылады. Көрмедегі жәдігерлер Қасиетті аманаттар мұражайында көрсетілетіндердің кейбіреулері ғана.Қағбаның қақпасына жамылған маталардың бірі Османлы падишасы Кануни Сұлтан Сүлейманның тапсырмасымен тоқылған. Яғни толығымен үлкен бір байлық, көрген кезде қатты әсер алатын боласыздар» деді.

Көрмеде үлкендігімен Гиннес рекордтар кітабына енген Құран да бар екенін түсіндірген Гөкчек кітап көрмесіне көптеген баспаның мыңдаған кітаппен қатысқанын жеткізді.

Көрме 21 маусым күніне дейін ашық болады.



Ұқсас жаңалықтар