ТРТ-нің деректі фильм апталығы басталды

Бейоғлу ауданындағы «Grand Pera»-да болып өткен рәсімге өнер мен кино әлемінің танымал тұлғалары қатысты.

730833
ТРТ-нің деректі фильм апталығы басталды

Түркия Радио Теле корпорациясының (ТРТ) биыл тоғызыншысын ұйымдастырғаны «Халықаралық ТРТ Деректі фильм сыйлықтары» және «ТРТ Деректі фильм күндері» іс-шаралары мен ақтық апталығы ашылу рәсімі Стамбұлда болып өтті.

Бейоғлу ауданындағы «Grand Pera»-да болып өткен рәсімге өнер мен кино әлемінің танымал тұлғалары қатысты.

ТРТ Бас директорының орынбасары Ибрахим Эрен ТРТ-нің Түркияда деректі фильм өндірісін одан сапалы бір тұғырға көтеру үшін талпыныстарын жалғастырғанын және бұған маңызды уақыт бөлгендерін атап көрсетті.

78 елден 677 фильм арыз түскен Халықаралық 9-шы Деректі фильм сыйлықтарында қатысушы фильм рекорды жаңартылды.

36 фильм болса ақтық сайысқа шықты.

Рәсімде жүлделі режиссер «Isabelle Boni-Claverie»-нің «Француз болмайтындай қара» атты деректі фильмі көрсетілді.

Жүлде рәсімі және Гала арнайы бағдарламасы болса 15 мамыр күні Джемал Решит Рэй концерттік залында өткізілмек.



Ұқсас жаңалықтар