Тегеранда Стамбул таныстырылады

Тегеранда болатын көрмеде биыл бірінші рет өткізілетін Қонақ қала жобасында Стамбулға орын беріледі.

725985
Тегеранда Стамбул таныстырылады

Халықаралық Тегеран Кітап көрмесінде Стамбул таныстырылады

Иранның бас қаласы Тегеранда болатын көрмеде биыл бірінші рет өткізілетін Қонақ қала жобасында Стамбулға орын беріледі.

Тегерандағы Юнус Эмре институты директоры Доц. Тургай Шафак Стамбулдың Иранда таныстыратындарына қуанышты екендерін білдіріп: «Қонақ қала Стамбул аясында қаланы жан-жақты таныстырамыз. Тегеран кітап көрмесінде бірінші рет өткізілетін жобада Стамбулға орын берілуі бізді қуантты» деді.

Шара аясында 6 мамыр күні «Түрікшеден парсшаға аудармалардағы мәселелер», Проф. Др. Дерия Өрстің «Түркия мен Иран мәдени қатынастары», 8 мамыр күні Проф. Др. Илбер Ортайлының «Әлем тарихында Стамбулдың орны» және Проф. Др. Махмут Ерол Кылычтың «Сопы Стамбул» атты кездесулері болады.

30-шы Халықаралық Тегеран Кітап көрмесінің есігі 13 мамырға дейін ашық болады.



Ұқсас жаңалықтар