Мысырда 3 мың 500 жылдық 6 мумия табылды

Ежелгі жәдігерлер министрі Халид Әл-Анани мәлімдеме жасады.

716246
Мысырда 3 мың 500 жылдық 6 мумия табылды
mısır mezarı 1.jpg
mısır mezarı 5.jpg
mısır mezarı 3.jpg
mısır mezarı 8.jpg
mısır mezarı 4.jpg

Мысырдағы ежелгі Патшалар алқабы маңында 18-ші патшалықтан қалған 3500 жылдық Мумия табылды.

Ежелгі жәдігерлер министрі Халид Әл-Анани, Әл-Уксур қаласының батысындағы Дра Абу әл-Нага некропольінде жүріп жатқан археологиялық қазба жұмыстары барысында перғауын дәуіріне тән 6 мумия табылғанын жариялады.

Әл-Анани мумиялардың бірінің ежелгі қалада сот төрешісі ретінде міндет атқарған жоғары лауазымды Усерсаттың мумиясы екенін және 18-ші Мысыр патшалығы кезеңінен қалғанын білдірді.

Мысырда перғауындардың мазарлары орын алған белгілі Патшалар алқабы маңындағы археологиялық жұмыстарға басшылық жасаған Мұстафа әл-Везири болса ондаған тарихи жәдігерге қоса перғауындарға тән 6 мумия, табыттар және мыңнан астам мүсін табылғанын мәлімдеді.

Табылған мумиялардың жақсы сақталғанын атап айтқан Везири «Археологиялық қазба жұмыстары барысында мумиялардың беймәлім бір аурудың салдарынан көз жұмғаны анықталды» деді.

Мысырдың 18-ші патшасы Б.д.б. 1550-1298 жылдары арасында билік жүргізген болатын.



Ұқсас жаңалықтар