«Dragon» ғарыш капсуласы ғаламшарға оралды

Халықаралық Ғарыш станциясына жіберілген «Dragon» ғарыш капсуласы ғаламшарға оралды.

695281
«Dragon» ғарыш капсуласы ғаламшарға оралды

Американ авиация фирмасы «SpaceX» тарапынан өткен айдың ішінде Халықаралық Ғарыш станциясына жіберілген «Dragon» ғарыш капсуласы ғаламшарға оралды.

Американ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) жасаған мәлімдемеге қарағанда капсула Оңтүстік Калифорния су айдынында Тынық мұхитқа парашютпен қонды.

Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына логистикалық жүк апару үшін NASA-ның тарихи Ай жолаушылықтарының базасы ретінде Флоридадан ұшқан болатын.

NASA-ның екінші партнері «Orbital ATK» болса жұма күні Флоридадағы «Cape Canaveral» базасынан қажетті материалдарға толы басқа бір ғарыш кемесін ғарышқа ұшыруға дайындалады.



Ұқсас жаңалықтар