Садақ атуда алтын және қола медаль

Еуропа чемпионатынан Түркия екі медальмен оралды.

690001
Садақ атуда алтын және қола медаль

Францияда өткен Еуропа жабық алаңда садақ ату чемпионатында Түркия алтын және қола медаль алды.

Садақ ату федерациясының хабарламасына қарағанда,  Виттел қаласындағы чемпионатта 22 спортшымен жарысқан Түркия екі медаль иеленді.

Классикалық садақ жас ерлер категориясында түрік спортшы Ердал Мерич Дал француз қарсыласы Томас Чирауды 7-1 жеңіп, Еуропа чемпионы атанды.

Құрастырмалы садақ жас ерлер категориясында Гөксел Алтынташ қола медаль иеленді.



Ұқсас жаңалықтар