Теңіз маусымы ашылды

Дидим мен Мармаристе азаматтар теңізге түсті.

685167
Теңіз маусымы ашылды

Түркияның туризм орталықтарының бірі Айдынның Дидим ауданында ауа райы жылынып, теңіз маусымы ашылды.

Ауа температурасы 20 градусқа жеткен ауданда тұрғындармен бірге туристер Алтынкум жағажайын толтырды.

Жағажайға келгендердің кейбірі күнге күйді,  кейбірі теңізге түсті.

Оңтүстік Эгейдегі Мармаристе де жылы ауаны мүмкіндік деп қабылдаған азаматтар теңізге келді.

Мармарис Метеорология дирекциясының деректеріне қарағанда ауданда ауа температурасы маусым стандартынан жоғары.  Мармаристе температура 22, теңіз температурасы да 17 градус болды.

Азаматтар демалыста теңізге түсіп, балалар жағажайда ойнады.



Ұқсас жаңалықтар