Түркия мен Алжир ортақ мұрағатты зерттеу тобы құрды

Түркия мен Алжир Османлы мемлекетінің мұрағатынан пайдалану мақсатты бір зерттеу тобы құрады.

675727
Түркия мен Алжир ортақ мұрағатты зерттеу тобы құрды

Алжир ресми хабар агенттігі APS-де орын алған хабарға қарағанда Алжир Ұлттық мұрағатының бас директоры Абдүлмеджит Шейхи Алжир мен Түркиядан кейбір академиктер мен зерттеушілердің басқосып, Османлы кезеңінің құжаттарын қолдану саласындағы кемшіліктерді жою және бұл кезеңмен байланысты жұмыстанған зерттеушілерге жағдай жасау үшін ортақ бір жұмыс тобы құрылатынын жариялады.

Шейхи бұл топтың нағыз тарихты ортаға шығару мақсатында құрылатынына назар аударды.

Шейхи мұның алдында жасаған мәлімдемелерде Франция тарапынан 1961-1962 жылдары арасында отаршылық кезінде ұрланған Алжир мұрағаты құжаттарының қайда екенінің білінбегенін немесе Францияда белгісіз бір қоймаға қойылғанын атап айтқан болатын.

Франция мен Алжир 2009 жылы мұрағаттағы құжаттарды Алжирге кері қайтару жөнінде ынтымақтастық келісіміне қол қойылған, бірақ келісім құжаттардың көшірмелерінің өткізілуімен шектелген болатын.

Алжирде 1519 жылы басталған Османлы егемендігі Францияның 1830 жылы бұл елді басып алуына дейін жалғасты.



Ұқсас жаңалықтар