Барыш Манчоны еске алдық

Барыш Манчоның қайтыс болғанына 18 жыл болды.

663409
Барыш Манчоны еске алдық

Анадолы рок музыкасының аты аңызға айналған тұлғасы, әнші, сазгер және ақын Барыш Манчоның қайтыс болғанына 18 жыл болды.

Барыш Манчо 1943 жылғы 2 қаңтар күні Стамбулда дүниеге келді.  Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында туғандықтан отбасы оған Мехмет Барыш (Бейбітшілік) деп ат қойды.

Шығармашылық өмірін бала кезде бастаған Манчоның есімі «Таулар, таулар» деген әнімен танымал болды. «Моңғолдар» атты ансамблімен шығарған альбомдары да үлкен қызығушылық туғызды.

TRT арнасында жарияланған «7-ден 77-ге» атты бағдарламасы болса оны балалардың сүйіктісіне айналдырды.

Барыш Манчо 200-ден астам әнімен 12 алтын және 1 платина альбом сыйлығын алды.

Әнші 1991 жылы Мемлекеттік өнерпаз атағын алды. Айырықша Хаджеттепе Университеті Құрметті доктор атағы,  Халықаралық Технология сыйлығы, Жапония Халықаралық мәдениет және бейбітшілік сыйлығы, Бельгия Корольдығы Леопольд ІІ ордені,  Франция Мәдениет министрлігі Әдебиет және өнер орденіне лайықты деп табылды.

Әнші-сазгердің әндері араб,  жапон,  парсы,  ағылшын және француз тілдеріне аударылып,  шырқалды.

«Түркияның әулиесі» деген лақап ат та тағылған әншінің соңғы альбомы 1996 жылы «Барыш Манчо Жапонияда» деген есіммен жарияланды.

Әлем көлемінде танымал әнші 1999 жылы 1 ақпан  күні Стамбулда дүние салды.



Ұқсас жаңалықтар