105 жасар велошабандоз рекорд жасады

Француз Роберт Маршанд 105 жасында велосипедпен бір сағатта ең ұзын қашықтықты бағындырған адам болды.

644951
105 жасар велошабандоз рекорд жасады

105 жасар француз рекордсмен велошабандоз Роберт Маршанд Париж маңында бір сағатта 22,547 км жүріп,  жаңа бір рекорд жасады.

Француз Роберт Маршанд 105 жасында велосипедпен бір сағатта ең ұзын қашықтықты бағындырған адам болды.

Үш жыл бұрын 26,927 км дәрежесімен 100 жастан жоғары категорияда рекорд жасаған велошабандоз Францияда жаңа сынақтан өтті.

Маршанд өзінің рекордын жаңарта алмады,  бірақ 22,547 км дәрежесімен «105 жастан жоғары категорияда бір сағатта ең ұзын қашықтықты бағындырған велошабандоз» атанды.



Ұқсас жаңалықтар