Конияда Әзірет Мәулана еске алынуда

Әзірет Мәулананың қайтыс болғанына 743 жыл толды.

625856
Конияда Әзірет Мәулана еске алынуда

Әлемге танымал түрік ойшылы, ақын және сопы Әзірет Мәулананың қайтыс болғанына 743 жыл толды. Кония қаласында ұйымдастырылған Әзірет Мәулананы еске іс-шараларына мыңдаған азамат қатысты.

Шеб-и Арус рәсімінің күндізгі бағдарламасы  шырақ жағу, Сүйіспеншілік және бірлік шеруімен басталды.

Кешкі бағдарламаның мекен-жайы Мәулана мәдениет орталығы болды. Сема қойылымын тамашалау үшін мыңдаған азамат осы жерге жиналды.

Кешкі бағдарламаға қатысқан премьер-министр орынбасары Нуман Куртулмуш береке-бірліктің маңыздылығына тоқталды.

Әйгілі әнші Ахмет Өзхан концерт берді. Сема қойылымы болды.

11 күндік шаралар ауқымында 105 бағдарлама жүзеге асырылады.

Биыл жоспарланған шаралар арасында отырыстар,  театр қойылымдары,  көрмелер, концерттер орын алады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар