Каллиграфия көрмесі Берлинде

Түрік каллиграфия өнерінің тамаша үлгілері Берлинде көрмеге қойылды.

592072
Каллиграфия көрмесі Берлинде

Түрік каллиграфия өнерінің тамаша үлгілері Берлинде көрмеге қойылды.

Юнус Эмре институты ұйымдастырған көрмеде бүгінгі замандас каллиграфия шеберлерінің таңдамалы туындылары неміс азаматтарға таныстырылуда.

Бас қала Берлиндегі Түрік каллиграфия көрмесінде 35 туынды орын алды.

Классикалық түрік өнеріне қомақты үлесімен танымал Угур Дерман және жұбайының каллиграфия жөніндегі мәлімет беретін көрмесіне қызығушылық көп болды.

Көрменің ашылу салтанатына Берлиндегі өкілетті елші Хүсейін Авни Карслыоғлу да қатысты.

Каллиграфия туындылары коллекциясы бұдан бұрын Америка Құрама Штаттары,  Куба, Венгрия және Польшада көрмеге қойылды.

21 қазан күніне дейін Берлинде болатын көрменің келесі аялдамасы – Франция.



Ұқсас жаңалықтар