ТИКА Солтүстік Иракта 12 мектепті жөндеуден өткізді

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігінің бақылауындағы аймақта жөндеуден өткізілген мектептер жергілікті халықты қуантты.

586166
ТИКА Солтүстік Иракта 12 мектепті жөндеуден өткізді
Ali Maskan.jpg

Түрік Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігінің (IKBY) бақылауындағы аймақта ұлттық, мәзхабтық және діни айырмашылықтарға қарамастан 12 мектепті жөндеді.

ТИКА басшысының орынбасары Али Маскан Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі Білім беру министрі Пиштиван Садыкпен бірге ашылу рәсіміне қатысып, мектептерді аралады.

ТИКА ретінде Түркияның әлемнің көптеген жерінде жұмыстарын атқарғандарын атап көрсеткен Али Маскан «Мыңдаған жылдан бері дос және көрші елдер ретінде  бір аймақта өмір сүреміз. Бізді шынайы түрде қабылдағаныңыз үшін ризамыз» деді.

Пиштиван болса Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымына (FETÖ/PDY) қарасты мектептер тақырыбында үкімет ретінде жағдайды бақылауға алғандарын және қажетті шараларды қабылдағандарын атап көрсетті.

Рәсімге қатысқан Түркияның Эрбиль бас консулы Мехмет Акиф Инам болса аймақта әрқашан халықты жалғыз қалдырмайтындарын және жәрдемдердің жалғасатынын жариялады.

Инам «Біз Түркия ретінде әрі үкімет, әрі азаматтық мекемелер арқылы мүмкіншілігіміз жеткенше осындағы бауырларымызға көмектесуге тырысамыз. Мұны жасап жатқанда ешқандай дін, тіл, нәсіл және мәзхабтық бөлшектеушілік жасамаймыз. Жөндеуден өткен мектептер арасында түрікмен мектептер де бар, күрд мектептер де» деді.



Ұқсас жаңалықтар