Ердоған спортшыларды қабылдады
Президент олимпиадада табысты болған спортшыларды қабылдады.
Президент Режеп Тайып Ердоған Рио 2016 Олимпиада ойындарында медаль алған түріктің 8 спортшысын қабылдады.
Президенттік сарайда баспасөзге жабық өткен қабылдауға премьер-министр Бинали Йылдырым, Жастар және спорт министрі Акиф Чағатай Кылыч пен президенттің кеңесшілері Хидайет Түрікоғлу мен Хамза Йерликая да орын алды.
Қабылдауға олимпиадада Түркияға жалғыз алтынын сыйлаған палуан Таха Акгүл де келді.
Түрік спортшылар «Медальдеріміз қаһарман шәйіттерге арналады» деді және жаңа табыстарға жетуге уәде берді.
Президент Ердоған да жеңімпаз спортшыларды құттықтап, сыйлықтарын табыс етті.
Ұқсас жаңалықтар
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы финалға жолдама алды
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы әлем лигасында жалғасты тарих жазуда.
Түркияның маңызды туристік орындары Грекияда таныстырылды
Түркияның алдыңғы қатардағы туристік орындары Грекияда таныстырылды.