«16-шы ғасырдың дарынды өнерпазы Матракчы Насух» көрмесі Жапонияда

Жоба 3 құрлық, 9 ел және 10 қаланы аралайды.

566126
«16-шы ғасырдың дарынды өнерпазы Матракчы Насух» көрмесі Жапонияда

Османлы дәуірі дарынды өнерпаздарының бірі Матракчы Насухтың ақын, хатшы және миниатюрашы ерекшелігі «16-шы ғасырдың дарынды өнерпазы Матракчы Насух» тақырыпты көрме арқылы Жапонияда танытылуда.

1 қыркүйек күні Токионың Шибуя Мәдениет орталығындағы Овада көрме залында ашылған көрме 8 қыркүйек күніне дейін келушілерін күтеді.

Көрмеде миниатюрашы Севим Эрсой басшылық жасаған 12 әйел өнерпаздың Матракчы Насухтың «Беян-ы меназил сефер-и Иракейн» және «Тарих-и Фетх-и Шиклош Эстергон және Истол Бельград» атты шығармалары да орын алған қала карталарынан тұратын туындылар 1/1 өлшеммен шыныға түсірілген. Сондай-ақ Матракчының өлең жолдарынан таңдамалы диваны замандас картиналарға салынған.

Өнерсүйер қауым барлығы 41 шығармамен түрік тарихының құпия сақталған дарындарының бірі Матракчы Насухтың миниатюралары арқылы Османлы империясы аттанған жорықтардың бағыттарын тамашалауға мүмкіншілік табады.

Жоба аясында 3 құрлық, 9 ел, 10 қалада жүзеге асырылатын көрме Токиодан кейін Париж, Вашингтон, Рим, Бухарест және Анкарада өнерсүйер қауымға ұсынылады.



Ұқсас жаңалықтар