Орыс студенттер Түркияда білім алатын болды

Орыс студенттердің Түркияда білім алуына салынған тыйым жойылды.

563199
Орыс студенттер Түркияда білім алатын болды

Ресей Білім беру министрлігінің халықаралық департаменті директоры Николай Тойвонен Спутник хабар агенттігіне жасаған мәлімдемеде «Біраз уақыттан бері студенттеріміздің Түркияға баруымен байланысты кейбір шектеулер қойылған еді. Дегенмен туристтер үшін енді «charter» рейстеріне рұқсат берілді. Сондықтан енді (оқу үшін) мұндай бір шектеу де қалмады» деді.

Орыс студенттердің білім алуы үшін Түркияда оқуға тыйым салу шешімі 24 қараша күні әуе кеңістігін бұзған орыс ұшағының құлатылуымен басталған дағдарыстың артынан қабылданған болатын.



Ұқсас жаңалықтар