Түркия олимпиададағы бірінші медалін алды

Зіл темірші Данияр Исмаилов ерлер 69 келіде күміс медаль иеленді.

548998
Түркия олимпиададағы бірінші медалін алды

Бразилияда өтіп жатқан 2016 Рио Олимпиадасында Түркияда бірінші медаль зіл темірден келді.

Ұлттық зіл темірші Данияр Исмаилов ерлер 69 келіде күміс медаль иеленді.

24 жасар спортшы осылайша Түркияға олимпиададағы бірінші медалін сыйлады.

Алтын медальді Қытай спортшысы алды.

Осы арада 2016 Рио Олимпиадасында төртінші күннің аяғында 9 алтын, 8 күміс, 9 қола медальмен барлығы 26 медаль иеленген Америка Құрама Штаттары жалпы тізімде алда келеді.

АҚШ-тан кейін 8 алтын, 3 күміс, 6 қола, барлығы 17 медаль алған Қытай келеді. 4 алтын, 1 қола мен 1 күмісі бар Венгрия болса үшінші кезекте.



Ұқсас жаңалықтар