Төртінші мәрте әлем рекорды

Су асты спорты саласы бойынша рекорд иесі жалғыз түрік

539375
Төртінші мәрте әлем рекорды

Джем Карабай Әлем рекордының төртінші ресми сертификатын алды.

Гиннесс Әлем рекордтары кітабына су асты спорттары саласында енген түңғыш және жалғыз түрік Джем Карабай төртінші әлемдік рекордына қолтаңба басты.

Бұдан бұрын 2009, 2011 және 2015 жылдары су астында үш рет әлемдік рекорд жасаған Карабай Солтүстік Кипр Түрік Республикасында тойланған 20 шілде Бейбітшілік және еркіндік мерекесінің 42 жылдығында су астында 142 сағат 42 минут 42 секунд қалып,  рекордын жаңартты.

Гиннесс төрешісінен сертификатын алған Карабай «Әлемнің ең тұзды теңізінде 142 сағат болу және әлем рекордын жасаудан гөрі СКТР-ның атын екінші мәрте Гиннесс Рекордтар кітабына жаздыру мақтанышым» деді.



Ұқсас жаңалықтар