Қазақстан әлемнің ең арзан ақылы жоғары білім берген елі аталды

«Шетелде ақылы жоғары білім беру бағалары» тақырыпты зерттеу қорытындысы жарияланды.

528462
Қазақстан әлемнің ең арзан ақылы жоғары білім берген елі аталды

Шетелде жоғары білім алудың ең қымбат елі жылына 38 мың доллармен АҚШ болса, Қазақстан 4 мың 500 доллармен ең арзан елі аталды.

Шетелде жоғары білім беру көрмелері ұйымдастырған АКАРЕ 38 елдегі университеттерде білім алу, баспана шарттары және басқа да шығындар есептелген зерттеуін жариялады.

«Шетелде ақылы жоғары білім беру бағалары» тақырыпты зерттеуге қарағанда АҚШ-та білім алу шығындары бір студент басына шаққанда жылына 23 мың доллардан, баспана мен басқа шығындары болса 15 мың доллардан басталады.

АҚШ-тың артынан (Университет үшін кем дегенде жылына 20 мың доллар, баспана және басқа шығындар үшін шамалы 20 мың доллардан басталады) 34 мың доллармен Канада келсе, (Университет үшін кем дегенде жылына 7 мың доллар, баспана және басқа шығындар үшін шамалы 20 мың доллардан басталады), 27 мың доллармен Швейцария (Университет үшін кем дегенде жылына 12 мың доллар, баспана және басқа шығындар үшін шамалы 13 мың 500 доллардан басталады) және 25 мың 500 доллармен Австралия ең қымбат жоғары білім берген елдер қатарында орын алады.

Зерттеуге қарағанда шетелде арзан бағамен білім беретін университеттер Қазақстанда.

Зерттеуде шетелде университетте білім алу бағасы 500 доллардан басталған Қазақстанда бір студенттің баспана мен күнделікті тіршілікке қажетті шығындары 4 мың доллардан аспайды.

Ең арзан елдер тізімінде Қазақстанның артынан 6 мың доллармен Босния-Гецеговина, 7 мың 500 доллармен Грузия және Украина, 8 мың доллармен Ресей келеді.

Тек қана университеттегі оқу ақысы тұрғысынан қарағанда ең қымбат ел 23 мың доллармен АҚШ, ең арзан ел 200 доллармен Норвегия аталған.

Университеттерде оқу ақысы тұрғысынан ең арзан елдер қатарында Франция 250 доллар, Қазақстан 500 доллар, Германия 550 доллар және Италия 800 доллармен орын алады.



Ұқсас жаңалықтар