Түркия «Grand Prix» турнирінде 2 алтын мен 4 қола медаль алды

Балуандарымыз  Селчук Чеби және Рыза Каяалп 300 балуан қатысқан турнирде алтын медальге қол жеткізді.

523634
Түркия «Grand Prix» турнирінде 2 алтын мен 4 қола медаль алды

Түрік балуандары Германиядағы «Grand Prix» турнирінде 2 алтын мен 4 қола медаль алды.

Түркия күрес федерациясы жасаған мәлімдемеге қарағанда Дортмунд қаласында 2-3 шілде күні ұйымдастырылған және 19 елден шамамен 300 спортшы қатысқан турнирде Түркия командасы 2 алтын және 4 қола медальге қол жеткізіп, үшінші орынды иеледі.

Түркия атынан «2016 Рио олимпиада ойындары» аясында грек-рим күресінде өкілдік жасайтын ұлттық балуандардан Селчук Чеби, Дженк Илдем және Рыза Каяалп турнирде жарысты.

Селчук Чеби және Рыза Каяалп өз салмақтарында чемпиондыққа қол жеткізсе, Дженк Илдем турнирді бесінші кезекте аяқтады.

Турнирде грек-рим күресінен жарысқан Метехан Башар мен еркін күресте Барыш Кая, Мехмет Эмин Өғүт және Мұстафа Зопалы болса қола медальге қол жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар