Эйфель тағы түрік байрағы түстеріне боялды

Ницца қаласында Испания командасынан жеңіліп қалған түрік құрамасы екінші мәрте ең көп қолдау алған команда болды.

513280
Эйфель тағы түрік байрағы түстеріне боялды

Францияда өтіп жатқан 2016 Еуропа Футбол чемпионаты аясында Эйфель мұнарасы екінші рет түрік туының түстеріне боялды.

Ницца қаласында Испания командасынан жеңіліп қалған түрік құрамасы екінші мәрте ең көп қолдау алған команда болды.

Түркияның артынан 26,6 пайызбен Хорватия, 19,9 пайызбен Италия командалары келеді.

Эйфель мұнарасы чемпионат бойынша әлеуметтік желі Twitter-де жүргізілген акция аясында күн сайын матчы бар елдер арасында ең көп қолдау алған елдің командасының түстерімен жарықтандырылады.

Мұнара 15 минут бойы сол команданың түстеріне боялады.

Түркия чемпионатта 12 маусым күні де ең көп қолдау алған ел болып, мұнара ақ пен қызыл түске боянған еді.



Ұқсас жаңалықтар