Еркін күресте чемпион - Иран

2016 еркін стилде күрес кубогында Түрік құрамасы сегізінші орын алды.

509677
Еркін күресте чемпион - Иран

Америка Құрама Штаттарының Лос-Анджелес қаласында өткен 2016 еркін стилде күрес кубогында Түрік құрамасы сегізінші орын алды.

Екі күндік сайыста А тобында орын алған түрік палуандар кезегімен Моғолстан, Грузия және Ресей палуандарымен сайысты.  Сайыстың бірінші күні Моғолстаннан 6-2, Грузиядан 7-1 есебімен жеңілген түрік палуандар екінші күні Ресей алдынан 6-2 есебімен жеңіліп кетті. Артынан жетінші орын үшін Үндістан палуандарымен сайысқа шыққан түрік спортшылар 4-3 есебімен жеңіліп, кубокта сегізінші орын алды.

Әлемдік кубоктың ақтық сайысында Иран Ресейді 5-3 есебімен жеңіп, кубокта бірінен соң бірі бесінші рет чемпиондығын паш етті.

Екінші орынды АҚШ, үшінші орынды Грузия командасы алды.



Ұқсас жаңалықтар