Тұңғыш Түрік- Араб сериалы көрсетіледі

«Үлкен үй» TRT Әл Арабия арнасында рамазан айы бойы көрсетілетін болады.

503618
Тұңғыш Түрік- Араб сериалы көрсетіледі

Тұңғыш Түрік- Араб сериалы көрсетіледі.

Түріктер мен арабтар бірігіп түсірген тұңғыш телесериал «Үлкен үй» TRT Әл Арабия арнасында рамазан айы бойы көрсетілетін болады.

«Үлкен үй» Түркия, Сауд Арабиясы, Кувейт, Марокко, Мысыр, Сирия және Ливаннан келген 7 отбасының күлкілі оқиғаларын арқау қылады.

Анталия Белекте қонақүй және туристік мекендерде түсірілген сериалдың түсірілімдері  жақында аяқталады.

Сериал рамазан айы бойы күн сайын араб әлеміндегі 350 миллион адамға жеткізіледі.

Әзірбайжандық режиссер Хаял Асланзаде сериалда 7 елдің актерлерінің рол алғанын,  түсірілімнің шамамен екі жарым айдан бері жалғасып жатқанын,  Сауд Арабиясы және Түркиядан 120 адамдық топтың міндет атқарғанын айтты.

Басты рольдердің бірі Мысырлық Хамед Марзук та сериалдың түрік-араб қатынастарына жақсы әсер ететінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар