Еуропада алтын медаль

Сервет Тазегүл ерлер 68 келіде алтын медаль алды.

494965
Еуропада алтын медаль

Швейцарияның Монтре қаласында болып жатқан 22-ші Еуропа Таэквондо чемпионатында Түркия атынан жарысқан Сервет Тазегүл ерлер 68 келіде алтын медаль алды.

Ақтық сайыста Иракта туылған түрікмен текті Германия спортшысы Хамза  Аднан Кариммен сайысқан түрік спортшы қарсыласын 6-5 есебімен жеңіп, алтын медальды иеленді.

Сервет Тазегүл 2008, 2010, 2012, және 2014 жылынан кейін бірінен соң бірі бес мәрте Еуропа чемпионы болды.

Чемпионатта басқа бір түрік спортшы Зелиха Агрыс болса әйелдер 53 келіде қола медаль алды.



Ұқсас жаңалықтар