Түрік тілі біліктілік емтиханы 28 мамыр күні өтеді

Түрік тілі біліктілік емтиханына арыз беру мерзімі жалғасуда.

491163
Түрік тілі біліктілік емтиханы 28 мамыр күні өтеді

Юнус Эмре институтының 2016 жылы екінші Түрік тілі біліктілік емтиханына арыз беру мерзімі жалғасуда.

2 мамыр күні басталған біліктілік емтиханын тапсыруға арыз беру мерзімі 24 мамыр күніне дейін жалғасады.

Юнус Эмре институты 2016 жылдың екінші Түрік тілі біліктілік емтиханын  (TYS) 28 мамыр күні өткізеді. Түркияда және Юнус Эмре Институттары бар елдерде бірдей уақытта өткізілетін "TYS" емтиханынан өткен үміткерлерге Түрік тілі біліктілік сертификаты беріледі.

Түрік тілі біліктілік сертификатын алғандар Түркияда кезкелген бір университетке түскенде алғашқы жылы оқытылған Түрік тілі дайындық курсын оқымайтын болады.

Сондай-ақ түрік тілі біліктілік сертификаты жұмысқа қабылдауларда үлкен жеңілдік жасайды.

Келесі Түрік тілі біліктілік емтиханы 2016 жылы 3 қыркүйек күні өтпек.

Одан терең мағлұмат алу үшін www.turkcesinavi.com интернет парақшасына қараңыз.



Ұқсас жаңалықтар