61-ші Eurovision ән байқауының жартылай финалы болып өтті

Швецияның Стокгольм қаласында өткен жартылай финалға 10 ел өтті.

488832
61-ші Eurovision ән байқауының жартылай финалы болып өтті

61-ші Eurovision ән байқауының жартылай финалы Швецияның Стокгольм қаласында болып өтті. Байқаудың жартылай финалға көтерілген 10 ел анықталды.

Глобен Аренада жүзеге асқан алғашқы жартылай финал сахнасы 2015 Eurovision Ән байқауының жеңімпазы Манс Зелмерлөвдің «Герои» атты әнімен ашылды.

Алғашқы жартылай финалға қатысқан 18 ел өкілі әндердің орындалуының артынан өткен дауыс беруде Әзірбайжан, Ресей, Голландия, Венгрия, Хорватия, Австрия, Армения, Чех Республикасы, Оңтүстік Кипр Понти әкімшілігі және Мальта жартылай финалға шықты.

Сан Марино, Бония-Герцеговина, Молдовия, Финляндия, Грекия, Эстония, Ирландия және Черногория болса іріктеуден өте алмады.

2016 Eurovision Ән байқауының екінші жартылай финалы 12 мамыр күні финал сайысы болса 14 мамыр күні өтеді.

Германия, Франция, Ұлыбритания, Испания және Италия іріктеу турларына қатыспай тікелей финалда жарысатын болады.



Ұқсас жаңалықтар