Олимпиада алауы БҰҰ-да

Олимпиада алауын 13 жасар Бразилиялық оқушы Руна Габриель Питта Португал тасыды.

480928
Олимпиада алауы БҰҰ-да

Бразилияда 5-21 тамыз күндері болатын 2016 Рио олимпиадалары үшін Грекияның Олимпия ауданында жағылған олимпиада алауы БҰҰ Женева кеңсесіне жеткізілді.

Олимпиада алауын 13 жасар Бразилиялық оқушы Руна Габриель Питта Португал тасыды.

Халықаралық даму және бейбітшілік үшін Спорт күні мерекесі аясында БҰҰ кеңесіне жеткізілген алау алдымен Лозаннадағы Олимпиада мұражайына барады.  Артынан Бразилияға жолданады.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун олимпиада алауының әлем халықтары арасындағы ұйымшылдықтың символы екенін айтты.  Халықаралық Олимпиада комитетінің биыл алғаш рет босқын командасын қалыптастырып,  керемет қадам басқанын айтқан Пан «Үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған қабілетті желаяқтар тарихта бірінші рет олимпиада ойындарында сайысады. Әлем босқындардың қабілетті,  мықты және шабыт берушілер ретінде көреді» деді.

Комитет төрағасы Томас Бах болса «Бүкіл әлемге босқындарды ұмытпағанымыз жөнінде үндеу тастағымыз келеді» деді.

Жыл сайын бір мекеме немесе ұйымға берілетін Олимпиада кубогы биыл БҰҰ-ға берілді.

Кубок 1999 жылы да БҰҰ-ға берілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар