Түрік жұлдыздары паркі Конияда ашылды

Түркияның авиация тақырыпты тұңғыш паркі «Түрік жұлдыздары паркі» атымен Кония қаласында ашылды.

472495
Түрік жұлдыздары паркі Конияда ашылды

Түрік жұлдыздарының рәсімнің артынан көрсеткен акробаттық өнері баршаны тамсандырды.

Кония муниципалитеті басшысы Тахир Акйүрек ашылу рәсімінде айтқан сөзінде акробаттық топ Түрік жұлдыздарының түрік армиясы мен әуе күштерінің шоқ жұлдыздары екенін атап айтты.

Түрік жұлдыздарының Конияның ең маңызды құндылықтарының бірі және маркасы екеніне назар аударған Акйүрек паркті Түрік жұлдыздарына арнаудың өздері үшін мақтан екенін тілге тиек етті.

Кейін болса Кония 3-ші әуе базасында қызмет атқарған Түрік жұлдыздары акробаттық тобына тиесілі 7 ұшақ өнерлерін көрсетті.

Көпшілік мақтауын алған өнер танытудың артынан топтың ұшқыштары азаматтармен бас қосты.

Түрік жұлдыздары әлемде 8 дыбыстан асқан жылдамдықтағы соғыс ұшақтарымен ұшқан жалғыз акробаттық топ болу ерекшелігіне ие.

321 мың текшеметрлік алаңға салынған Түркияның тұңғыш авиация тақырыпты паркі қызық ерекшеліктерімен назар аударады.

Паркте Түрік жұлдыздары тобының қызметтен шыққан 2 дана F15 ұшағы бар. A300 типі жолаушы ұшағы кафе ретінде халыққа қызмет береді.



Ұқсас жаңалықтар