Түрік пианисттерден бейбітшілікке шақыру

ЮНЕСКО-ның Париждегі орталығынан классикалық музыка мен бейбітшілік үндеулері шарықтады.

426405
Түрік пианисттерден бейбітшілікке шақыру

ЮНЕСКО-ның Париждегі орталығынан классикалық музыка мен бейбітшілік үндеулері шарықтады.


«Пальмира үшін бейбітшілік» атты концертте түрік пианисттер Хүсейін Сермет және Рүя Танермен қоса Сириядан келіп, Түркияны паналаған жас пианист Тамби Жимук та сахнаға шықты.


Тамби Жимук Сирияда соғыстың аяқталуын тілеп, «бір музыкант ретінде бейбітшілікке шақырғым келді» дейді.


Президент Ердоғанның арқасында түрік азаматтығына өткенін еске салған жас пианист түрік ретінде халықаралық фестивальдер мен байқауларға қатысқанына дән риза.


Түркияның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі Хүсейін Авни Ботсалы да қақтығыстардың әлемге және өркениетке қауіп төндіргеніне назар аударды.


Босталы «Адам баласына қарсы осы шабуылдар тоқтатылуы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар