Түркияның тұңғыш отандық танкі "Алтай" YOUTUBE - та танытылды

Бас Штаб Басқармасы отандық танктің соңғы сынақтарын жариялады.

410823
Түркияның тұңғыш отандық танкі "Алтай" YOUTUBE - та танытылды

Бас Штаб Басқармасы әлемнің соңғы технологиясымен қамтамасыз етілген Түркияның «Алтай» атты тұңғыш отандық танкін YOUTUBE -та танытты.
Әлем Түркияның отандық соғыс танкі Алтайды асыға күтеді.
Бас Штаб Басқармасы соңғы сынақтары жалғасқан Алтайдың алдында жарияланбаған көріністерін әлеуметтік парақшада бөлісті.
Танкке Түрік азаттық соғысы батырларының бірі Фахреттин Алтайдың аты берілген.
Ұзақ уақыттан бері бейне көріністері жарияланбаған отандық танк Алтайдың табысты сынақтары да орын алған бейне көріністі ресми YOUTUBE каналынан жариялады.
Алтайға қатысты ең көп қызықтырған тақырып танктің қалай атқылағаны жайлы болатын.
Соңғы жарияланған бейне көрініс осы сұраққа жауап іспеттес. Танктің соңғы сынақтары аяқталуға жетті.
Жаңа жылда тендерге шығатын Алтайдың өндірісі 2016 жылы басталады. Түрік қарулы күштері «әлемнің замандас» әрі «отандық» технологиялық ерекшелігіне ие танкімен күшіне күш қосады.



Ұқсас жаңалықтар