Урмия көліне су толып келеді

Су деңгейінің 12-20 см артқанын білдірген мамандар мұның аз да болса үміт беретін жағдай екенін меңзеді.

403750
Урмия көліне су толып келеді

Урмия көліне су толып келеді.


Иран Қоршаған орта қорғау мекемесінің төраға орынбасары Хүжжет Джаббари Урмия көлінің оңтүстік жағындағы 700 шаршы километрлік алаңда су деңгейінің артқанын білдірді.


Джаббари судың артуына соңғы екі айдағы жауын-шашынның пайдасы болғанын айтты.


Су деңгейінің 12-20 см артқанын білдірген мамандар мұның аз да болса үміт беретін жағдай екенін меңзеді.


Бұдан бұрын 5200 шаршы километрлік алаңды алып жатқан Иранның ең ірі көлі Урмия көлі әлемдегі ауданы жағынан екінші орындағы тұзды көлі еді.


Әзірбайжан түріктері соңғы 15 жылдан бері көлдің тартылу қаупіне байланысты Иран үкіметіне наразылық білдіруде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар