Түркия мен Босния және Герцоговина арасында ынтымақтастық...

«Таңдауым түрік тілі» жобасы аясында министрлер мен мектеп басшылары келді.

357106
Түркия мен Босния және Герцоговина арасында ынтымақтастық...

Түркия мен Босния және Герцоговина арасында ынтымақтастық...


Түркия Ұлттық білім беру министрі Наби Авджы Юнус Эмре институтының «Таңдауым түрік тілі» жобасы аясында Стамбулға келген Босния және Герцоговина Федерациясы Білім беру министрі Эльвира Дилберович, кантон министрлері және мектеп басшыларымен бас қосты.


Босния және Герцоговина Федерациясы Білім беру министрі Эльвира Дилберовичпен екі ел арасында білімнің жетілдірілуіне бағытталған ынтымақтастық хаттамасына қол қойған министр Авджы «Бүгіннен бастап Босния және Герцоговинада алты кантонда екінші шет тіл ретінде түрік тілі оқытылатын болады» деді.


Наби Авджы хаттаманың «Бауырлас мектептер жобасы» арқылы Босниялық оқушылардың Түркияға, түрік оқушылардың да Боснияға барулары, бір бірлерін танулары тұрғысынан маңызды екенін айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар