Түркі әлемінің пьеса конкурсы жүлдегерлері жарияланды

Башқұрт жазушы Мариям Буракаеваның «Көлеңке» атты шығармасы бірінші орын алды.

393754
Түркі әлемінің пьеса конкурсы жүлдегерлері жарияланды

Халдун Танердің туылғанының 100 жылдығы аясында ұйымдастырылған пьеса шығарма конкурсының қорытындысы жарияланды.
Сыйлықтар Башқұртстан, Қазақстан, Әзірбайжан, Гагаузия (Молдова) және Түрікменстанға берілді.
Еуразия жазушылар одағы ұйымдастыруы Премьер-министрлік таныту қорының демеушілігі және ТҮРІКСОЙ мен Мемлекеттік театр басқармасы ынтымақтастығымен жүзеге асқан жарыс түріктің танымал драматургы Халдун Танерге арналды.
2015 жылдың ТҮРІКСОЙ тарапынан Халдун Танер жылы ретінде жариялануына орай ұйымдастырылған жарыс Түркі әлемінің тұңғыш пьеса конкурсы болу ерекшелігіне ие.
Алғашқы жарнамасы Конияда ұйымдастырылған «Мың тыныс, бір дауыс» атты Халықаралық түрікше театр жазған елдер фестивалінде жарияланған конкурсқа 18 ел мен автономиялардан 109 шығарма қатысты.
Конкурсқа Алтай, Әзірбайжан, Башқұртстан, Чувашстан, Дағыстан, Хакасия, Ирак, Иран-Тебриз, Иран-Түрікменсахра, Кабардино-Балкар, Қарашай-Шеркес, Қазақстан, Қырғызстан, Татарстан, Түркия, Түрікменстан, Ұйғыр Автономиясы және Гагаузиядан барлығы 109 шығарма қатысты.
Қазылар алқасының тығыз және ұзақ жұмысымен анықталған қорытындыға қарағанда;
1-ші орын Мариям Буракаеваның «Көлеңке» атты шығармасы (Башқұртстан);
2-ші орын Экрем Ахметовтың «Қашқарлы Махмуд» атты шығармасы (Ұйғыр/Қазақстан);
3-ші орын Афак Месуд «Халладжы Мансур» атты шығармасы (Әзірбайжан);
4-ші орын Тотур Занет «Система» атты шығармасы (Гагаузия);
5-ші орын Нобатгулы Реджепов «Қожанасыр сен кім екенсің?» атты шығармасы (Түрікменстан) болып сайланды.
www.ayb.org.tr


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар