Түркия Әлем Кикбоксинг чемпионатында 16 медаль жинады

Әлем Кикбоксинг чемпионатында сайысқан түрік спортшылар 3 алтын барлығы 16 медальмен елге оралды.

361672
Түркия Әлем Кикбоксинг чемпионатында 16 медаль жинады

Түркия Кикбоксинг федерациясынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Сербияның бас қаласы Бельградта өткен "K1", "low kick" және "kick light" категорияларындағы Әлем Кикбоксинг чемпионатында жарысқан ұлттық боксшылар 3 алтын, 6 күміс және 7 қола медаль алды.

Дуйгу Туран, Фулья Айчичек және Нуреттин Дилер алтын медаль алды. Искендер Челеби, Селман Южел, Ибрахим Телли, Сонер Шен, Самет Кесер, Чиғдем Кырвач, Мевлане Алтунташ, Мелтем баш, Ирем Акын, Йелиз Коблай, Биннур Сакал, Мүкремин Гүлер және Ибрахим Бағлы болса қола медальге қол жеткізді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар