Шенол Гөка "ABU"-ның төраға орынбасары ретінде сайланды

Стамбұлда өткен 52-ші ABU Жалпы кеңес жиналысында өткен сайлауда, TRT Бас директоры одақтың орынбасары ретінде сайланды.

406459
Шенол Гөка "ABU"-ның төраға орынбасары ретінде сайланды

Түркия телерадио корпорациясы (TRT) Бас директоры Шенол Гөка Азия-Тынық мұхит хабар таратушылар одағы (ABU) төраға орынбасарлығына сайланды.
Стамбұлда TRT-нің қонақжайлығында Стамбұлда өткен 52-ші ABU Жалпы кеңесіндегі сайлауда, Шенол Гөка дауыс көпшілігімен төраға орынбасары ретінде сайланды.
68 мүше мемлекеттен 275-ке жуық хабар таратушы мекеме қатысқан Жалпы Кеңесте TRT болса қайтадан 3 жылдығына Атқару кеңесі мүшелігіне сайланды.
Азия-Тынық мұхит хабар таратушылар одағының (ABU) 52-ші Жалпы Кеңесінің бір аптаға жалғасқан жиналыстарында медианың күнделікті мәселелері де қолға алынды.
3.5 миллиардтан астам көрерменге қызмет еткен және мүше мемлекеттер арасында хабар тарату саласында ынтымақтастықты нысанаға алған ABU Жалпы кеңесінде TRT Бас директор орынбасары Ибрахим Эрен «Қоғамның медиа тарапынан күшейтілуі» тақырыпты отырысқа қатысты.
Отырста баяндама жасаған Эрен TRT-нің мүгедектер үшін жасаған арнайы эфирлері жайлы сөз қозғады.
Эрен «TRT ретінде мемлекеттік хабар тарату түсінігімен қозғалып, мүгедектерге арналған арнайы эфирлерде жасаймыз. Мысалы естімейтін және соқыр мүгедектер үшін жобаланған сериалдар, жаңалықтар және деректі фильмдерден тұратын арнайы бір интернет парақшамыз бар. Осы порталымызға өте үлкен қызығушылық бар. Айына 200 мың адам сайтымызға кіреді» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар