"Түркия үшін мақтаныш"

Нобель алған Азиз Санжар сұрақтарға жауап берді.

389576
"Түркия үшін мақтаныш"

Нобель Химия сыйлығына лайықты деп табылған түрік ғалым Проф. Азиз Санжар Түркия үшін мақтанатынын айтты.


Швеция Корольдық ғылым академиясы тарапынан Нобельден Химия сыйлығына лайықты деп табылған Азиз Санжар «Сыйлыққа лайықты деп табылғаныма қуаныштымын. Бұл сыйлық әсіресе Түркия үшін маңызды» деді.


Академиядан телефон шалғанда жұбайының сөйлесіп, өзін ұйқыдан оятқанын білдірген 69 жасар Санжар «Еш күтпеген нәрсе еді, әрі таңғалып отырмын» деді.


Санжар Нобель медиа орталығынан Адам Смиттің сұрақтарына жауап берді. «Нобель сыйлығын қашан аласыз? Деп сұрап жүретіндер көп еді. Елім атынан қуаныштымын» деді.


Отбасына, ата мекені Түркияға және өзі жұмыс істейтін АҚШ-қа алғыс білдірген Санжар «Бұл сыйлық әсіресе Түркия үшін өте маңызды» деді.


Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Швеция Корольдық ғылым академиясы тарапынан марапатталған Проф. Санжарды құттықтады.


Давутоғлу әлеуметтік желідегі есебінен «Нобель алып, баршамызды қуантқан Азиз Санжарды шынайы түрде құттықтаймын. Телефон шалып, өзін жекелеп құттықтадым. Санжардың табысының жалғаса беруін тілеймін» деп жазды.


Санжар зақымдалған ДНК-ның жөнделуіне керекті тетікті ойлап табуына байланысты сыйлыққа лайықты деп табылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар