Комедия фестивалі

Швециядағы комедия фестивалінде түрік өнерпаздар таңбасын басты.

386689
Комедия фестивалі

Швецияның Стокгольм қаласында 1-ші Халықаралық комедия фестивалі өтуде.


1-4 қазан күндері аралығында өтетін фестивальде 10 елден 10 комедия фильмі көрсетіледі.


Фестивальге Түркиядан актриса Перран Кутман мен марқұм Кемал Суналдың жұбайы Гүл Сунал шақырылды.


Фестивальдің ашылу салтанатында Швециялық өнер қайраткерлерінің «Перихан абла» атты теле сериалдағы әнді түрік тілінде шырқауы көрермендер арасындағы актриса Кутманды тебірентті.


Осы тосын сый алдында көзінің жасын тия алмаған Перран Кутман сахнаға шығып, швециялық өнер қайраткерлеріне алғыс айтты.


Фестиваль аясында 1981 жылы түсірілген, басты рольде Перран Кутман ойнаған «Гыргырие» атты фильм көрсетіледі.


Гүл Сунал болса жұбайы үшін жазған «Кемал: Қане кел, кофе ішейік» деген кітабын таныстырады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар